Агарикті саңырауқұлақтар немесе Агарикалді саңырауқұлақтар ((лат. Agaricales) ) – саңырауқұлақтардың базидиомицеттер бөліміне жататын ең кең таралған сабы. Адамның азық ретінде қолданатын саңырауқұлақтардың көбі осы сапқа жатады. Әлемде Агарикті саңырауқұлақтардың 3250 түр белгілі. Қазақстанда 500 түр анықталған.

Жалпы сипаттамасы

Quick Facts Ғылыми топтастыруы, Subdivisions ...
Агарикті саңырауқұлақтар
Қазбалық ауқымы: Albian–Recent
Thumb
Agaricus campestris (Agaricaceae)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Саңырауқұлақтар
Бөлімі: Базидиомицеттер
Табы: Агарикомицеттер
Кіші табы: Agaricomycetidae
Сабы: Агарикті саңырауқұлақтар
Underw. (1899) [1]
Subdivisions
32 тұқымдас, 400-ден астам тектер
Синонимдері

Amanitales Jülich (1981)
Cortinariales Jülich (1981)
Entolomatales Jülich (1981)
Fistulinales Jülich (1981)
Schizophyllales Nuss (1980)

Close

Олардың жалпы белгісі – қалпақ және центрлік немесе эксцентрлі қысқа бүйір табаннан тұратын жеміс денесі болады.

Кейбір туыстастарда табаны болмайды. Гименофоры пластинкалы немесе трубкалы. Гимений базидийлерден, парафиздерден, цистидтерден тұрады, гименофорда, қақпағының төменгі жағында пластинкалар немесе трубкаларда орналасады. Қақпағы мен табанының формасы, құрылысы, түсі мен консистенциясы, трубкалар мен пластинкалардың табанға бекіту тәсілі, споралық тозаңның түсі өте түрленеді және таксономиялық көрсеткіші болып табылады. Көп түрлерде барлық денені қаптайтын, кейін жоғалатын жабындысы болады; басқаларында – гименофорды жұқа қабық тәрізді жауып тұратын жеке жабындысы болады. Барлық жерлерде таралған, бірақ көбіне – ормандарда топырақта, түсімде, кейде паразит ретінде басқа саңырауқұлақтарда ( р. Nyctalis). Өлі, өңделген, кейде тірі ағашта да кездеседі (р. Armillaria).

Олардың шаруашылық маңызы өте зор. Көптеген түрлері құнды тамақ өнімі болып табылады: шампиньондер (р. Agaricus), груздь (р. Lactarius) және т.б.; биологиялық активті заттардың продуценттері болып табылады (40 астам түр): Clytocybe, Boletus, Cortinarius. Олардың арасында өмірге қауіпті зиянды түрлері де: Amanita phalloides, Amanita panterina, Amanita verna және т.б., микоризатүзушілер де: Leccinum scabrum, Leccinum aurantiacum.

Дереккөздер

  1. Underwood LM. (1899). Moulds, mildews and mushrooms: a guide to the systematic study of the Fungi and Mycetozoa and their literature. New York, New York: Henry Holt. p. 97.

Сыртқы сілтемелер

Quick Facts
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Агарикті саңырауқұлақтар
Close

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.